2023 жылдың 16 қазан күні Түркістан қаласы Сауран ауданының Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың облыстық кезеңі өткізілді.

📚Конкурстың мақсаты: 9-10 сынып оқушыларының қоғамдық белсенділігін арттыруға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге ынталандыру, туған жерге деген мақтаныш сезімін дамыту.

📌Конкурсқа Түркістан облысының аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 113 оқушы қатысып қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды, атап айтар болсақ:

1. Анартай Аяжан, жүлделі II-орын

2. Үсен Нұрай, жүлделі II-орын

3. Махамбеталы Ақниет, жүлделі IIІ-орын

4. Талас Балжан , мақтау қағазы

Шәкірттеріміздің туған өлке тарихын зерделеп, оны дәріптеуі - елжандылықтан туған игі әрекет , ұлт болашағы үшін жасап жатқан балалық борышы деп білеміз. Отансүйгіш өрендерімізге алғыс білдіреміз!

Барша әріптестерді, ата-аналарды, оқушыларды құттықтаймыз!